spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Абай жылына арналған республикадағы соттар арасындағы алғашқы конференция ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық сотының бастамасымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Абай-би, Абай-заңгер» атты ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өткізілді. Оған облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен еліміздің белгілі ғалымдары тарихшылары, абайтанушылар, ғылыми-шағармашылық интелегенция өкілдері мен басқарма басшылары, судьялар қатысты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Конференция жұмысы пленарлық мәжіліс және Абай оқулары атты екі бөлімнен тұрды. Абайдың ел ісін жүргізу, дау дамайларды шешу, төрелік айту қағидаларына байланысты ғалымдар өз баяндамаларын оқыды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Абай жылы Көкше жерінде жоғары деңгейде тойланып, оған облыс билігі тарапынан көп көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

Облыс көлемінде дана Абайға арналған іс-шаралар жұмысы күшейтіліп, оның даналығын ұрпақ санасында жаңғырту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көкшетауда Абай ескерткіші орнатылып, Абай есімін мектепке беруі ақмолалықтардың бұл датаға қосқан ауқымды үлесі,-деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Семей өңірінен арнайы осы конференция үшін келген Шәкәрім атындағы университетінің ректоры Мейір Ескендіров жиналған қауымға құттықтау сөз сөйлеп, Көкше жұртына алғысын айтты.

Семейдің Абайы мен Көкшенің Біржанының тарих беттеріне зер салсақ байланысатын тұстары жоқ емес. Демек бұл екі елдің біте қайнасуы, ортақ салт-санасының болуы, -деп атап өтті Мейір Ғарипполлаұлы.
Осы университеттің профессоры Ғазизова Назигүл «Абай әлеміндегі адам құқығы және қазіргі кезең» тақырыбында тағылымды ой қозғады.

Сонымен қатар жиында хәкім Абайдың «Әйел құқықтары туралы», оның құқыққа деген философиялық көзқарасы, мүліктік қылмыстар мен жаза түрлеріне сіңірген еңбегі туралы ғалымдар тарыпынан талқылаулар мен баяндамалар оқылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img