spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Үкіметтік емес ұйымдарға зор міндет жүктелмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Үстіміздегі жылы үкіметтік емес ұйымдар үшін зор міндеттер жүктелмек. Бұған еліміздегі еріктілер жылының басталуы да зор ықпал еткенге ұқсайды. Өңірдегі қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өкілдерінің басы қосылған кеңейтілген жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жобалары туралы айтылды, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Әділет департаментінің мәліметіне сенсек Ақмолада бүгінгі күнге дейін жалпы саны 718 үкіметтік емес ұйымдар тіркеуге алынған. Олардың ішінде 514-і қоғамдық бірлестіктер болса, 165-і қоғамдық қорлар және 39 заңды тұлғалар бірлестіктері болып отыр.

Алайда, нақты жұмыс жүргізіп отырған ұйымдардың саны саусақпен санарлық, – дейді Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің басшысы Әсем Әзербаева.

Ішкі саясат басқармасының деректеріне сенсек өткен жыл қорытындысы бойынша қоғамдық даму министрлігіне Ақмола облысынан тек 281 үкіметтік емес ұйым ғана өз қызметтері туралы мәліметтер берген.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға сәйкес үкіметтік емес ұйымдар осы жылдың 31 наурызына дейін өз қызметтері туралы өкілетті органдарға мәлімет беруге міндетті.  Дегенмен, өз жұмыстарына жауапсыз қараған осы салада қызмет етушілер есептерін уақытында беруді естен шығарып алғанға ұқсайды. Сондықтан, бұл есептердің уақытында тапсырылмауы заң алдында жауапкершілік жүктейтінін ескерткім келеді, – «Sara» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағамбетова.

Негізінен мемлекет тарапынан бөлінген әлеуметтік тапсырыстар, гранттар мен сыйақылар бойынша жұмыстар жүргізетін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет ерекше назар аударып отырғаны шындық. Өткен жылы өңірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен 93 жоба жүзеге асырылған. Ал аудандар мен қалаларда 60-қа тарта әлеуметтік жобалар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен орындалған.

Биылғы жыл үкіметтік емес ұйымдар үшін зор міндеттер жүктегелі отыр. Өйткені, елімізде Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы, Алтын орданың 750 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы сияқты айтулы мерейтойлы шараларды атап өту күтілуде. Бұл орайда аталған шараларды ұйымдастыруда әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Рухани жаңғыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, Президент Жолдауын түсіндіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау сияқты маңызды жұмыстарды атқаруға назарға алынбақ, – деді Сара Қаржасқызы.

Биыл атаулы даталар үшін іс-шаралар мен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге 25 лот бөлініп отыр. Белсенді ұйымдар тиісті талаптарды орындаса тендерді ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Биылғы жылы да аталған жобалардың жүзеге асуына ақмолалық үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде қатысуға ниетті.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img