spot_img
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
2.2 C
Kokshetau

Қытайдан эвакуацияланған 217 қазақстандық карантиннен шығарылады

Сондай-ақ...оқыңыз

11 ақпанда Қытайдан эвакуацияланған 217 қазақстандық 13 ақпанда ауруханадан шығарылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-11 ақпанда Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 азаматымыз үш күндік тексеруден кейін жазылып шықты. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Сараптамалардан ештеңе табылған жоқ. Ухан қаласынан эвакуацияланған біздің студенттер осы жексенбіде карантиннен шығады. Дүйсенбі, 17 ақпанда біз БАҚ-ты карантин туралы егжей-тегжейлі баяндайтын бірнеше студентпен кездесуге шақырамыз, – деді Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтандағы брифингіде.

Сондай-ақ Диас Ахметшәріп Қазақстанға ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге келгенін айтты. ДДҰ-ның Үкіметпен ынтымақтастығының, соның ішінде жаңа коронавируспен күрес мәселелері бойынша бірқатар мәселелері талқыланып жатыр. Ол жоғары деңгейде бірқатар кездесу өткізеді.

11 ақпанда 217 азамат Нұр-Сұлтанға, ал 13 ақпанда 211 жолаушы Алматыға ұшып келді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Оқжетпес» ФК референдумда дауыс берді

Бүгін Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика