spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.8 C
Kokshetau

Облыста биыл жолдарды жөндеу мәселесі шешіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында биыл 440 шақырым жолды жөндеп, жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаев «2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылдың негізгі міндеттері туралы» халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Өткен жылы да жол-көлік жүйесін жақсарту бойынша біршама жұмыс атқарылған. Барлығы 400 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-көлік желілері жаңартылған. Оның 190 шақырымы ауылдық жерлердің жолдары.

Аймақ басшысының айтуынша, биылғы жылы да осы бағыт бойынша нақты міндеттер белгіленген.

Биыл Көкшетауға баратын жолды қайта жаңарту аяқталады және Елордаға қатынайтын оңтүстік-батыс айналма жолдың құрылысы жалғасады.

Алдағы үш жыл көлемінде барлық аудан орталықтарындағы жолдар қалыпқа келтірілмек. Осы жылы 6 аудан орталығындағы жолдар жөнделеді. Сонымен қатар, облыстың барлық өңірлеріндегі кентшілік жолдарды жөндеу жоспарланып отыр.

Биыл Қопа көлінің жағасындағы жол мен көпірдің құрылысын аяқтап, Назарбаев даңғылы мен Жүнісов көшелеріндегі жұмыстар аяқталады. Абай көшесі қиылысындағы жол қайта жаңартылып, «Васильковка» және «Центральный» шағын аудандары арасындағы жолдар орташа жөнделеді,-деді облыс әкімі.

Жалпы, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 шақырымды құрайды. Оның 2661 шақырымы облыстық, 2965 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img