spot_img
Жексенбі, Қаңтар 18, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Біржан сал ауданында жұмысшы мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында цемент зауытында жұмысшының өліміне байланысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Қаңтардың 27-сінде Біржан сал аудандық полициясының кезекшілік бөліміне аудандық аурухананың медбикесінен медициналық мекемеге жеткізілген ер адамның көз жұмғаны туралы хабар түсті.

«Мерт болған 24 жастағы жігіттің тексеріс барысында «Көкше цемент» ЖШС цех шебері болып жұмыс істегені анықталды. Ер адам жұмыс орнында вагонды сүйреу кезінде трос үзіліп кетіп, қарын тұсына тиген. Қазіргі кезде осы оқиға байланысты ҚР ҚК 156 бабының 3 бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында халықтың ауыз сумен қамтылуы 100 пайызға жетті

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңір халқының су құбыры қызметтеріне қолжетімділігі 100 пайызды құрады. 36...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика