spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-6.4 C
Kokshetau

Бурабайда экстремалды парк ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданында ересектерге арналған қаныңды қыздырып, бойдағы адреналинді қоздырып, түрлі шытырманды бастан кешіретін экстремалды парк ашылмақ деп хабарлайды Aqmola news ақпараттық агенттігі. Оның жалпы ұзындығы 1,5 шақырымға созылмақ.

Бурабай еліміздің ең көрікті көз тартатын елдімекендерінің бірі. Жаз болса көліне түсу үшін алыстан ат арылтып келетіндердің қарасы қалың. Бурабайдың бура-бура таулары мен жасыл желегінде асыр салып, саф ауасын бір жұтуға асығып келген туристер мен демалушылардың көңілі бір марқайып қайтары сөзсіз. Бұл жерде қыстыгүні де тіршілік толастаған емес. Қыстағы отбасылық демалыстары мен жаңа жыл мерекесін осында өткізуді жоспарлағандар да жетіліп артылады. Қазіргі таңда курортты аймақта 150 ге жуық қонақ үй мен мейрамхана бар. Олардың 112-сі жыл он екі ай жұмыс істейді.

Бурабайдың орталық алаңында бір мезетте 200 адамды қабылдай алатын мұз қалашық салынып жатыр. Алаңға «Жүрек – Бурабай» мұздан қашалып, орын тепкен. Қалашықтың кіреберіс қақпасына келер жыл тышқан жылы болғандықтан оның мүсіні қойылмақ. Жобаның суретші-мүсіншісі Ершат Жолдастың айтуына қарағанда, биылғы ойын сауық орталығының басты ерекшелігі жарық шамдар мен түрлі-түсті шырақтардың көп қойылуында. Сырғанақтың да биіктігін ұлғайтып, жан жағын шырақтармен әсемдеген.Сол себепті бұл жерде түнге қарай жарқырап жанып, жаңа жылдық атмосфера мен мұндалап тұрады.

Жалпы Бурабайда ашық аспан астындағы мұз қалашығы, мұз айдыны, сырғанақ сияқты 15 нысан бар. Олардың қызмет көрсету ақысы 300 теңгеден басталып 2000-5000 теңгеге дейін барады. Олардың ішіне коньки, шаңғы, қар-мұз талғамайтын квадроциклмен серуендеу сияқты тағы да басқа қызмет түрлері кіреді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл Мұра» жылдың үздік хореографиялық ұжымы атанды

14 желтоқсан күні "Достар" мәдениет сарайындаАқмола облысы мәдениет басқармасы жанындағыоблыстық халық шығармашылығы және мәденидемалыс орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img