spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңа жоғары технологиялы диірмен кешені ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгiн Көкшетауда «Agrimer-Astyk» ЖШС-нде бидайдың қатты сорттарынан ұн өндiретiн зауыт ашылды. Салтанатты ашылу рәсiмiне Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев қатысты.

«Бiздiң елiмiз үшiн үлкен мемлекеттiк мерекелер — Тұңғыш Президент күнi және Тәуелсiздiк күнi қарсаңында жаңа кәсiпорындар ашу жақсы дәстүрге айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бiздiң алдымызға 2022 жылға қарай еңбек өнiмдiгi мен өңделген өнiмнiң экспортын 2,5 еседен аса өсiру мiндетiн қойып отыр. Мiне бүгiн бiз астықты өнеркәсiптiк өңдеу көлемiн арттыруға мүмкiндiк беретiн жаңа жоғары технологиялы диiрмен кешенiнiң ашылуына куә болып отырмыз. Кәсiпорын басшысы Николай Казакқа және оның ұжымына өңiрiмiздiң агроөнеркәсiп кешенiн дамытуға қосқан лайықты үлесi алғысымды бiлдiруге рұхсат етiңiздер», — дедi облыс әкiмi Ермек Маржықпаев өзiнiң құттықтау сөзiнде.

Кәсiпорын Италияда өндiрiлген заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. «Agrimer-Astyk» ЖШС-нiң әрiптесi белгiлi әлемдiк көшбасшы, италиялық «Barilla» азық-түлiк компаниясы болып табылады, ол Мәскеуде өзiнiң брендтiк өнiмi — паста өндiру үшiн көкшетаулық жарманы, премиум-кластық макарон өнiмдерiн өндiру үшiн ұнды пайдалануды көздеп отыр.

Жалпы, жобаға 2,5 млрд. теңге инвестицияланды. «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры 790 млн теңгеден астам қаржылай қолдау көрсеттi.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img