spot_img
Жексенбі, Тамыз 9, 2026
29.9 C
Kokshetau

Көкшетаудағы Қопа көлінен браконьерлер құрған 2,5 шақырымнан астам ау табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қопа көлінде 2,5 шақырымнан астам балық аулайтын ау құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 16 қыркүйек күні Көкшетаудағы Қопа көлінде Ақмола облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы ұзындығы 2,5 шақырым заңсыз құрылған 27 ауды анықтады.

«Заңсыз ауланған балықтар еркіндікке жіберілді, балық аулары жойылды. Полиция органдары оны заңсыз құрғандарды анықтауда», – деп мәлім етті ведомствода.

Сондай-ақ, Ақмола облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдар браконьерлерге қатысты фактілерді анықтау үшін басқа да шаралар жүргізіп жатыр.

«Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мен Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 220 адамды, ал балық аулау ережесін бұзғаны үшін 420 адамды жауапқа тартты», – деп атап өтті өңірдің прокуратурасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика