spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысының тұрғыны дала өртіне себепші болды.

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғыны тракторда жұмыс істеп жатып, дала өртінің тұтануына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның ақпараты бойынша, Ақкөл ауданы Виноградовка ауылының тұрғыны 14 тамызда болған дала өртінің тұтануына себепші болып отыр. Ақкөл аудандық ТЖД қызметкерлері анықтағандай, өрт пішен шабуға шыққан ауыл тұрғынының тракторының газ шығаратын түтігінен тұтанған. «14 тамызда сағат 10-17-де Ақкөл қаласының өрт сөндіру бөліміне Наумовский ауылдық округінің аумағында 0,5 гектар құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Өрт бір сағаттан кейін ауыздықталған. Оны сөндіруге орман шаруашылығы, өрт сөндіру бекеті күштері мен Қазавиаорманқорғау тікұшағы атсалысты. Кейінірек 25 жастағы Ақкөл ауданы тұрғынының өрт тұтануына себепші болғаны анықталды. Трактордың газ шығаратын түтігінде ұшқын сөндіретін бөлшегі болмаған», – деді Ақкөл аудандық ТЖД бастығы Болат Құсайынов. Ауыл тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. «Ауыл тұрғыны кінәсін толықтай мойындады. Ол өртті байқаған сәтте өзі сөндірмек болған, алайда қатты желдің салдарынан сөндіру мүмкін болмаған. Кейін өрт сөндірушілерге хабарласып, оқиғаны хабарлаған», – деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінде. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img