spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7 C
Kokshetau

Билік

Президент Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз көлемінде болады деген болжам жасалып отырғаны жөнінде баяндалды. Бірінші жартыжылдықта шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі...

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде  есеп берілді. Мемлекет басшысына Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның  қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді. Берік Асылов заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар және осы мақсатта жаңадан құрылған Комитеттің қызметі туралы баяндады. Бас прокурордың айтуынша,...

Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады

Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысына Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары...

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды. Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр. Президенттің...

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Известия» газетіне берген сұхбаты   – Жақын күндері Сіз Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізесіз. Соңғы уақытта сіздер тұрақты кездесіп жүрсіздер. Атап айтар болсақ, 7 қазанда Мәскеуге сапармен келдіңіз, 13 қазанда Бішкекте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының...

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды. Осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард...

Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрі шағын құрамда келіссөз өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөз алдында «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министріне рапорт берді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін...

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрі екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстанның тарихи тамырластығы және тығыз байланыстары бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне негіз болғанын атап өтті. – Қазақ пен мажар – ежелден...
- Жарнама -spot_img

Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img