spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мерекеден кейінгі демалыс күндеріне қатысты Президенттің баспасөз хатшысы түсініктеме берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің мерекеден кейін келетін демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа шығуы туралы твитіне түсіндірме берді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бүгінде еліміз көршілес мемлекеттердегі коронавирус індетінің таралу қаупімен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен (қардың қалың болуы, су тасқыны) және басқа да қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын білесіздер. Мұның бәрі барлық мемлекеттік құрылымдардың шұғыл әрі жүйелі жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан президент мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін күні (дүйсенбі) жұмысқа шығуын орынды санайды. Бұл жерде президент әкімшілігінің, үкіметтің, министрліктердің, мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомстволардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр. Осы ретте, Қазақстанның заңнамалары толық сақталуы тиіс», – деп жазыпты Берік Уәли.

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 32-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндері кезек күттірмейтін, алдына ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа шақыруға болады.

Еңбек кодексі бойынша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жазбаша келісімімен ғана жұмысқа шыға алады және олардың еңбегіне ақы төленуі тиіс. Аталмыш заңның 85-бабына сәйкес, демалыс, мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге өз қалауы бойынша бір күндік демалыс беріледі немесе бір күндік еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді. Осылайша еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді мерекеден кейінгі демалыс күні де жұмысқа шақыруға болады.

«Жалпы заңнама өзгермейді. Мемлекет басшысы ондай тапсырма берген жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа еңбек этикасын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің барлық азаматтарын еңбекқорлық пен жауапкершілік идеологиясын ілгерілетуге шақырғанын атап өткім келеді», – деді президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты тәртіпті қайта қарауды тапсырған еді. Өз сөзінде президент 9-наурыз күні мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа шығу керек делінді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img