Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында Тұңғыш Президент күніне орай 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Аталған мектеп Қажымұқан ауылындағы №4 негізгі мектебіндегі үш ауысымды оқытуды жою мақсатында салынған.
«Жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метр боатын екі қабатты жаңа білім ордасы Целиноград ауданы білім бөлімінің теңгеріміне берілген.
«Заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған мектеп Тұңғыш Президент күніне орай ашылып отыр. Мұнда 23 оқу кабинеттері, лингафонды-мультимедиялықұ сынып, 2 интерактивті тақта бар. Қазір мұнда 500-ден астам оқушы оқиды. Білім мемлекеттік тілде беріледі, – деді Целиноград ауданы әкімдігінен.