spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Бурабайда ағаш өңдеу цехінен өрт шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданында ағаш өңдейтін цех өртенді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Щучинск қаласының Верхняя көшесі 22 мекенжайында орналасқан ағаш өңдейтін цехтің отқа оранғаны жайлы хабар Бурабай ауданының өрт сөндіру бөліміне бүгін таңертең 6.45-те түскен.


Оқиға орнына дереу аттанған өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі сағат бойы арпалысқа түскен.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінің 10 қызметкері мен 3 арнайы техника жұмылдырылған. Өрт таңғы сағат 8.00-де ауыздықталып, 08.51-де толықтай сөндірілді. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер болған жоқ, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.


Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика