Синоптиктер 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы әлі де антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Оның ішінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.