spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Азаматтық форумда үздік ақмолалық үкіметтік емес ұйым мүшелері мен белсенділері марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда өткен  «Қоғам және мемлекет: 30 жыл серіктестік және даму #Birgemiz» атты 9-шы азаматтық форумда облыс әкімі Ермек Маржықпаев  бірқатар үкіметтік емес ұйым мен олардың белсенді мүшелерін алғыс хаттармен және сертификаттармен марапаттады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Форум жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық істер жөніндегі комитеті төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстанның азаматтық алянсының президенті Бану Нұрғазиева, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, кәсіподақ және қоғамдық кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысы «мемлекет және қоғам арасындағы диалог» мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр. Президент Жолдауында азаматтарды толғандыратын қазақстандық қоғам өмірі мәселесі айтылған. Бұл «Халықтың пікіріне құлақ асатын мемлекет» жасаудағы басты бағыт»,-деді аймақ басшысы алғы сөзінде.

Ал, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстанның азаматтық алянсының президенті Бану Нұрғазиева азаматтық қоғамды тиімді дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың орнына тоқталды.

«Бүгінгі таңда елімізде азаматтық қоғам даму үстінде. Осы бағытта мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп келеді. Сондықтан, біздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр», – деп атап өтті «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева.

Пандемиямен күресуде ерекше көзге түскен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларының бірқатар қызметкерлері «Халық алғысы» мелалімен марапатталды. Оның ішінде «Ана үйі» қолдау орталығының уәкілі Құралай Жұмабекова, Іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Дамеля Қойшина, «Вера в добро» қорының үйлестірушісі Татьяна Спиглазова бар.

Форумның пленарлық мәжілісінде «Шаңырақ» әлеуметтік – психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Мейрамбек Закиров, «Шанс» мүгедектерді бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Шиманский, қоғамдық мониторинг үйлестірушісі О.Баимова қоғамдық ұйымдардың тұрғындармен жұмыс тәжірибесі туралы сөз сөйлеп, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кету керек, бүгінгі күні Ақмола облысында 718 үкіметтік емес ұйым, оның 22 филиалы бар. Өкінішке орай, 300-ден астам ұйым өз жұмысын тоқтатқан. Биылғы жылы 298 қоғамдық ұйым тіркелген.

. Бұдан кейін форумның жұмыс қорытындысы шығарылып, Қазақстанның 9-шы Азаматтық форумына Ақмола облысынан баратын делегаттардың тізімі анықталды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img