spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 25, 2026
8.2 C
Kokshetau

Ақмолада жүздеген тонна шөп жанып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін таңғы жетілер шамасында Жақсы ауданының Ишимское селосында «Имран Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүздеген тонна шөп өртенді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған.

Тілсіз жау таңғы 10:55 ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Оқиға орнында Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері мен бір техникасы, «Имран Агро» серіктестігінің 10 қызметкері мен үш техника бірлігі жұмыс істеп жатыр, – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Төтеншеліктер қысқы жем-шөпті сақтауда өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Шөп орамдары мен отынды көпірлерден, пойыздар жүретін жолдардан, сондай-ақ электр желілері өтетін аймақтан кемінде 50 метр қашықтықта орналастыру қажет. Орман алқаптарына жақын орналасса шөпті кемінде 20 метр қашықта үйген дұрыс. Сондай-ақ, жем-шөп сақталған жерде темекі шегуге жол бермеген жөн, – дейді төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, символдық мәні зор Тазару күніне орай Көкшетау қаласында «Таза ел – біздің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика