spot_img
Дүйсенбі, Шілде 27, 2026
21.4 C
Kokshetau

ШҚО-да балалар мінген автобус апатқа ұшырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Шығыс Қазақстан облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан 8 жасөспірім жарақат алды. Қоғамдық көліктің ішінде жарысқа бара жатқан балалар болғаны анықталды деп хабарлайыды Aqmola News ақпарат агенттігі NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол көлік оқиғасы Прапорщиково елді мекені маңында болғанын хабарлады. Бұл ауыл Глубокое ауданында орналасқан.
Балалар Шығыс Қазақстан облысының орталығынан Шемонаиха ауданына қарай спорт жарысына қатысу үшін шыққаны белгілі болды.
Оларды полиция қызметкерлері ертіп жүрген.
Алдын-ала болжам бойынша, автобус жүріп келе жатқан уақытта кенеттен жолдың қарсы бетінде келе жатқан Howo жүк көлігі шығып, транспорттар соқтығысыпты.
Оқиға орнына дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген. Жол көлік апаты салдарынан зардап шеккен 8 жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.
Қоғамдық көлікте 53 адамның болғаны, олардың 46-сы балалар екендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Цифрлық құқық дегеніміз не?

Ата заңның 18-бабында әр адам жеке өмірі мен отбасы құпиясын сақтауға толық құқылы екені анық жазылған. Технология дамыған заманда...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика