spot_img
Сәрсенбі, Қазан 7, 2026
2.2 C
Kokshetau

Сандықтау ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты жиын өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
Сандықтау ауданында аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Қадырованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында жиын өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News». 
Бұл туралы Сандықтау ауданы әкімдігінен хабарлады.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі майоры Александр Онищенконың айтуынша аудан аумағында отбасындағы тұрмыстық зорлықтардың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылған. Оның ішінде кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдер қылмыстарын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілген.
Осы жылдың  10 айында Сандықтау ауданында тұрмыстық зорлыққа қатысты  қылмыс тіркелді, 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелет жасына толмаған балаларын тәрбиелеу және оқытуға жөндеп қарамаған 8 заңды өкілдері мен ата-аналарға айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылған, дейді полиция майоры Александр Онищенко.
Полиция мәліметінше рейд шаралары барысында кәмелет жасына толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 4 фактісі алкогольді өнімдерді сатудың 6 фактісі тіркелген. Құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынған.
Жиын барысында халықпен кездесу ұйымдастыру жоспарланды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика