spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
6.4 C
Kokshetau

10 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Сондай-ақ...оқыңыз

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын көтеріледі. Тек оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды  Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жел екпіні – 23 м/с. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында жел екпіні – 15-20 м/с. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарында тұман түседі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика