spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бейбіт Жүсіпов: Биылғы оқу форматында мұғалімге басымдық берілген

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы оқу жылының бірінші тоқсанында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар өзгерістер енгізілген.  Кезекші сыныптар мен қашықтықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау туралы облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте басқарма басшысы I тоқсанның жалпы қорытындылары мен өзгерістеріне тоқталды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1-сыныпта тоқсандық және жылдық бағалар қойылмайды. Бірақ педагогтар білім алушының жетістіктері бойынша ата-аналармен кері байланыс жүргізуге міндетті. Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде 2-11 (12) сынып оқушыларының оқу жетістіктері бірден 10 баллға дейін қою арқылы формативті бағаланады.  Тоқсандық бағаны қою кезінде формативті бағалаудың орташа балы ескеріледі. Формативті бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады,-дейді Бейбіт Жүсіпов.

Тағы бір ерекшелік, биылғы оқу форматында мұғалімге басымдық берілген. Яғни мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады, сондай-ақ оларды өз бетінше әзірлей алады. Сонымен қатар ТЖБ тапсырмаларын да дербес өзі әзірлейді.

Мұғалім жиынтық жұмыс үшін құрал ретінде диктант, тест, жоба, эссе, тест дайындап, жұмыс істей алады.

«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді,-деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Тоқсандық жиынтық бағалау үшін балл қою кезінде мұғалім электронды журналда максималды балл қояды. Тоқсандық формативті бағалау кезінде БЖБ және ТЖБ нәтижелері ескеріледі.

Өңірдің бас педагогының айтуынша, коникул кезіндегі оқушылардың демалысын ұйымдастырудың консепциясы әзірленген. Алайда, еліміздегі коронавирус жағдайына байланысты барлық іс-шаралар онлайн режімде ұйымдастырылуда.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img