spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
28.2 C
Kokshetau

Екінші тоқсаннан бастап Ақмоладағы 53 мектеп дәстүрлі оқу форматына көшіріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын санитарлық тексерістен өткен қала және ауыл мектептері білім беруді дәстүрлі форматта бастайды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы I тоқсанның қорытындысына арналған брифингте Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты.

 Өңірімізде бірінші тоқсанда 387 мектеп дәстүрлі режимде, 168 мектеп қашықтықтан жұмыс істеді. Сол 168 мектептің ішінде оқушылардың саны 300 дейінгі 53 мектеп бар. Аталған мектептер жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінен өтсе, келесі тоқсаннан бастап жұмыстарын дәстүрлі форматта жалғастырады,-дейді Бейбіт Жүсіпов.

Бас педагогтың айтуынша, балаларын мектепттен оқыту туралы ата-аналардан көп өтініш түскен.

Эпидемиялогиялық жағдай қалыпты болса, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.

Әрине, бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика