spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Жақсы ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен бөген жөндеуден өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
Жақсы ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Чапаевское селосындағы бөген жөндеуден өтті, деп хабарлайды «Aqmola News».
Нысанды қайта жаңғырту жұмыстарына Жақсы ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы 19 адам жұмысқа орналасып, жалпы 37 адам мен 18 бірлік техника жұмылдырылған.
Аталған нысан елдімекен тіршілігіне аса маңызды рөл атқарады. Көктемгі су тасқыны кезінде ағын су бөгенді шайып кететін. Аудандық әкімдік және «Шұңқыркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен жыл сайын бөгенді жөндеу жұмыстары жасалады. Өйткені, аталған бөген ең алдымен Чапаевское селосы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Мұнымен қоса бөген көрші ауылдарды су басу қаупінен құтқарады, – дейді Жақсы ауданы әкімдігінен.
Қазіргі уақытта аталған жоба бойынша жұмыстар толығымен аяқталған.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика