spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында бизнес қауымдастық өкілдерімен кезекті кездесу өтіп, онда 2019 жылғы басым бағыттарды жүзеге асырудың қорытындылары жарияланды, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Әдеттегідей палатаның негізгі міндеті бизнесті қорғау болып табылады. Өткен жылы республикалық кәсіпкерлер палатасына осы бағытта бизнес өкілдерінен 323 өтініш түссе, олардың ішінде кәсіпкерлердің пайдасына 96-сы шешілген. Қорғалған құқықтар сомасы 2,6 миллиард теңгені құраған.

Түскен өтініштер негізінен алғанда жер қатынастарына 21 пайыз, салық бойынша 17 пайыз, мемлекеттік сатып алуларға қатысты 7 пайыз, теміржол және мал шаруашылықтары салалары бойынша 5 және бизнес даулары бойынша 3 пайыз түскен.

Өткен жылы республикалық кәсіпкерлер палатасының өңірлік тізіміне 17 өзекті мәселелер тіркелді. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді алаңдатқан өткір проблемалардың қатарына жер, трансферттік баға белгісі, қатты тұрмыстық қалдықтар, сауда орындары кірген.

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барысында олардың алтауы шешімін тауып, 11-і қарастырылуда жатқаны мәлім етілді. Республикалық тізімге теміржолдардың тармақ қолданушыларының мәселелері, санитарлық эпидемологиялық салалар мен вендингтік жабдықтардағы үлкен айыппұл санкциялары жөніндегі мәселелер енгізілді.

Палата сарапшыларымен өткізілген аса ірі зерттеулердің бірі аудан әкімдерінің рейтингі болды. Аудан әкімдерін саралаудың негізгі критерийлері құқықтық нормаларды бағалау, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай, елдімекендердің даму болашағы туралы ақпарат, жер ресурстарына қолжетімділік, көше саудасының дамуы, мемлекеттің бизнес алдындағы қарызы, облыс аумағында мемлекеттік органдармен дау кезінде бизнестің қорғалу жағдайы, өңірдің экономикалық даму динамикасы сияқты 15 мәселе болды.

«Бизнеспен коммуникацияны жоспарлы түрде құру нәтижесінде біз айтарлықтай оң өзгерістерді байқап отырмыз. Палатаға сенім күннен-күнге артып, әрі кәсіпкерлердің өздері де өз құқықтарын қорғауға ерік-жігері өсіп келеді. Қазір егер кәсіпкер өз құқықтарының бұзылғанына күдіктенсе немесе анық білсе яки мәселені шешілуі созылып кетсе оған Палата ықпал ететінін анық біледі, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Ақылбек Смағұлов.

Жалпы өткен жылдың қорытындылары бойынша Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына сервистік қызметтер үшін 1250 арызданушы келіп, 1576 қызмет көрсетілген.

Кездесуді қорытындылай келе Ақылбек Смағұлов ағымдағы жылы өңірлік палата алдында жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді реттеу және түрлі заңнамалық бастамаларды енгізу жолымен жобаларды одан әрі жүзеге асыру және жетілдіру бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img