spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
2.2 C
Kokshetau

«Жыл волонтері» халықаралық конкурсына өтінім беру басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын жүзеге асыру шеңберінде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2020 жылғы 15 қараша сағат 09.00-ге дейін жалғасады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

бірінші – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру,

екінші – ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.

Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:

  • «Үздік волонтерлік ұйым»
  • «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»
  • «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»
  • «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»
  • «Үздік әлеуметтік көмекші»
  • «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
  • «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»
  • «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»
  • «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»
  • «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»
  • «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика