spot_img
Дүйсенбі, Маусым 15, 2026
20.1 C
Kokshetau

Жақсы ауданында мониторингтік топ тексеріс жүргізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданында ауданның тауарлар және көрсетлетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлік бөлімі және полиция қызметкерлерінен құралған мониторингтік топ бірнеше нысанға тексеріс жүргізді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 15 қазандағы «Ақмола облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» №125 қаулысы бойынша санитарлық талаптар мен нормалардың сақталуына назар аударды.

Мониторингтік топ өкілдері Уәлиев атындағы спорт мектебі, «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «АРЭК»-тің Жақсы аудандық бөлімін бақылауға алды. Тексеріс барысында бір нысаннан карантин шараларының бұзылу фактілері анықталды.

Карантин шараларының күшеюіне байланысты мониторингтік топ санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талатарының қамтамасыз етілуіне одан әрі тексеріс жүргізбек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Телефондағы жаз: демалыс кезінде балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады

Жазғы демалыс кезінде балалардың интернетте өткізетін уақыты артады. Олар онлайн ойындар ойнап, әлеуметтік желілерде араласып, түрлі платформаларда жаңа таныстар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика