spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
16.6 C
Kokshetau

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы онлайн өтпейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау онлайн режимде өтпейді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті.

«Сайлау процесі «Сайлау туралы« заңмен реттеледі және заңнамамызда онлайн-дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Бұл сайлауды да әдеттегі жүйемен, қағаз бюллетеньмен өткіземіз. Яғни, сайлаушыларымыз үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңашылдық жоқ», – деді Берік Имашев Орталық сайлау комссиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге шығыстардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайтынын мәлім еткен болатын. Ал егер екі сайлау біріктірілмей, бөлек өткізілсе, шығын 25 млрд теңгені құрайтын еді.

21 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика