spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
7.6 C
Kokshetau

Көкшетауда 23 қазанда республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың 23 қазаны күні Көкшетау қаласының аумағында Ақмола облысының терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының құрамына кіретін құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді,-деп хабарлайды «Aqmola News «Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Осы орайда, өткізілетін іс-шаралар мен орын алуы мүмкін уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Оқу-жаттығу шараларының басты мақсаты – күш құрылымдары мен құралдардың терроризмге қарсы іс-қимылдарды өткізуге үнемі дайын болуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты, жауынгерлік қабілеттілікті арттыру және террорлық актілердің жолын кесу кезіндегі іс-қимылдардың алгоритмін әзірлеу.

Осы орайда, жалған ақпарат таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабында қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика