spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Елена Иванова: Ауыр халдегі шет аудандағы балалар облыс орталығына арнайы медициналық авиациямен жеткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы коронавирус инфекциясынан келетін қауіп пен қатердің алдын алуға және жұқтырып алған балаларды кешенді емдеуге дайын. Бүгінде жұқпалы аурулар стационарында 15 төсек сонымен қатар жедел және реанимациялық көмек көрсету үшін тағы 2 төсек қойылған,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аталған аурухананың коронавирустың екінші толқынына дайындығы туралы арнайы брифингте бас дәрігер Елена Иванова мәлімдеді.

Бүгінде ауруханада 57 дана пульсоксиметр, 12 дана оттегі концентраторлары бар. Жансақтау бөліміне 1 ЖЖӨ аппараты және орталықтандырылған оттегі беру құрылғылары, монитор, рентген аппараттары қойылған. Бұл бөлімде де қажетті дәрі дәрмектер жеткілікті.

Аурухана базасында қажеттілік туындаған жағдайда реанимациялық көмекті көрсету бригадасы құрылды.

Спикер брифингте аудандардағы коронавирус инфекциясын жұқтырған балаларға ем-домды алғашқы барған емдеу орны жүзеге асыратынын айтты. Егер баланың жағдайы ауыр болып ауруханаға жатқызу қажет болса, медициналық ұйымның көлік құралдарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі.

Алыс аудандардағы ауырып қалған балаларға алғашқы көмекті жергілікті жердегі медмекеме көрсетеді. Қажет болған жағдайда балалар жұқпалы ауруханасына арнайы медициналық авиациямен жеткізіледі,-деді бас дәрігер.

КВИ жұқтырған балаларға күтім жасайтын барлық медициналық қызмет көрсушілер қорғаныш киімдерін киеді.

Балаларға алғашқы оңалту шаралары ауруханада жүргізілсе, емдеудің екінші кезеңінде шипажайға жіберу қарастырылған,-дейді Елена Иванова.

Спикер брифинг соңында жураналистердің облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі туралы қойылған сұрағына да жауап берді.

Өздеріңізге де белгілі облыста дәрігерлер жетіспеушілігі туындап отыр. Балалар неврологы облыс көлемінде біреу ғана болса, тіс дәрігері бар. Кадр жетіспеушілігі облыс көлемінде үш-төр жыл ішінде шешіледі деп ойлаймын,-деді спикер.

Облыс көлемінде коронавирус инфекциясы тіркелген уақыттан бері барлығы 394 бала ауырған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img