spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

«Көкше дарыны»байқауының жеңімпаздары республика көлемінде бақтарын сынайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Көкше дарыны» техникалық шығармашылық және өнертапқыштық фестивалін ұйымдастырды. Байқауға  өңірдің 6 ауданынан, 2 қаласынан және жалпы, орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары мен студеттері қатыстырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Байқаудың мақсаты білім алушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Байқауға Көкшетау, Степногорск қалаларынан және Астрахан, Аршалы, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Целиноград ауданының оқушылары қатысты.

Аталған додаға  13 пен 17 жас аралығындағы 43 үміткер қатысты.  ZOOM онлайн-платформасында өткізілген байқаудың қатысушылары 11 аталым бойынша бақ сынасты.

Байқау қорытындысына сәйкес, «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» аталымында 1 орынды Астрахан ауданы және Первомайское ауылының қатысушылары – Мазыбеков Айболат пен Парахат Ринат жеңіп алды.

2 орынды Аршалы ауданынан Грицко Максим алса, 3 орын Бұлақсай ауылының қатысушысы  – Нурболат Саятқа бұйырды.

«Өнеркәсіп саласындағы техникалық құрастыру» аталымы бойынша 1 орынды Көкшетау қаласынан Буторин Андрей  жеңіп алса,  «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласындағы техникалық құрастыру» аталымы бойынша 1 орынды жарқайыңдық қатысушы – Орал Макса алса, 2 орынды Державинск қаласынан  Шашкин Сергей алды.

.»Көкше дарыны» техникалық шығармашылық және өнертапқыштық фестивалінің жеңімпаздары Ақмола облысының құрама командасының құрамында «Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық техникалық шығармашылық байқауына қатысатын болады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img