spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.4 C
Kokshetau

Егіндікөлдің Егінбайы еріктілердің қатарында еңбек етіп жүр

Сондай-ақ...оқыңыз
Егіндікөл ауданында ашылған провизорлық стационарда Егінбай Асай есімді ерікті жұмыс істеуде. 
Ол науқастарды емдеп жазуға қол ұшын созып, орталықтағы жұмыстардың басы қасында жүреді. 
Аудан, облыс, ел үшін қиын кезеңде көмек көрсетуде волонтерлер маңызды рөл атқарады.
Бұл адамның өз Отанына, отандастарына деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Осы орайда, әркім өзін нақты қауіп-қатерге душар ете отырып, алдыңғы қатарда болуға келісе бермейді, бірақ өмірлік ұстанымы әрдайым көмек көрсету болып табылатын адамдарда бар.
Егіндікөл ауданында провизорлық стационар ашылған күннен бастап, еріктілер қатарына Егінбай Асай жазылды.
Қазір отыратын уақыт емес, дәрігерлерді қолдап, оларға осы аурумен күресуге көмектесетін уақыт. Вирустан қорғайтын  костюм, етік, маска, қолғап, көзілдірік киіп, көп уақыт шешпей, терлеп жүріп жұмыс істеу оңай емес. Бірақ дәрігерлер мен аурудан жазылған жерлестерімнің бақытты жүздерін көргенде, барлық қиындықтарды ұмытып, нағыз қуанышты сезінемін,-дейді Егінбай.
Егінбай ауылдықтарға үлгі бола отырып, Егіндікөл ауданында іс-шараларға белсенді қатысып, еріктілер қозғалысын дамытуға өз үлесін қосып келеді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика