spot_img
Сәрсенбі, Шілде 15, 2026
19.6 C
Kokshetau

Қазақстанда демеушілер мен меценаттар көмегімен 34 миллиард теңге жиналды

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы «Nur Otan» патриясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры төлем жасаудың 5-ші толқынын аяқтады. Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Сонымен, барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды», – деп жазды Б.Байбек желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетілгенін, су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына 20 жаңа үй салынғанын жеткізді.

«Жалпы, #BizBirgemiz акциясының аясында 320 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Халық арасындағы қорғанысы әлсіз 100 мың отбасыға 5 миллион маска тегін таратылды. Елбасы бастамасымен қорға 34 млрд теңгедей қаражат жинаған барша демеушілер мен меценаттарға тағы да алғыс айтқым келеді. Коронавируспен күрес кезеңінде мұқтаждарға қолдау көрсету бойынша осынау игі іске атсалыса отырып, еліміз бен халқымыз қажырлылық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті», – деп толықтырды ол.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика