spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың көбеюіне байланысты Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина карантин шараларын күшейту жөніндегі қаулыға қол қойды. Карантин бүгін түнгі 12-00-ден бастап күшіне енді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Қаулыға сәйкес:

– 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді;

– түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру).

– демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды;

– такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс;

– саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;

– аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады;

– жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;

– азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді;

– қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

– мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;

– ХҚО жұмыс кестесі шектеледі.

– фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

– 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

– пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді. Қаулы 2020 жылдың 16 қазанында сағат 00:00 күшіне енеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img