spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

СҚО-да 30 оқушыдан коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғалы 30 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News»

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті медициналық көмектің сапасы мен тәуекелдерін бағалау бөлімінің басшысы Арман Күшбасов брифингіде 30 оқушы коронавируспен ауырғанын атап өтті.

«15 бала кезекші сыныптарға барған, қалған 15-і қашықтан білім алады. Олардың барлығы, сонымен бірге балалармен байланыста болғандар тексерілді. Оқушылар арасында сыныбымен ауырғандар жоқ. Кезекші сыныптар карантинге жабылған жоқ», – дейді Арман Күшбасов.

Маманның айтуынша, ұжымда, соның ішінде балабақша тобында КВИ жұқтыру анықталған жағдайда, онымен жақын байланыста болғандардың барлығы тексеріледі.

«Балабақшада тәрбиеші мен күтушіден басқа ешкімнің топқа кіруге құқы жоқ. Жұқтырған адам анықталған жағдайда, барлығы карантинге кетеді. Жақын байланыста болғандар бірі қалмай тексеріледі. Балабақшада болса топтың тәрбиеленушілері, күтуші, тәрбиеші және балалардың ата-аналары да тексеріледі», – дейді санитариялық дәрігер.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика