spot_img
Сенбі, Шілде 18, 2026
18 C
Kokshetau

15-қазан кітапханашылар күні: Кітапхана ауласына шырша отырғызылды

Сондай-ақ...оқыңыз
15 қазан – кітапханашылар күні. Осы мереке қарсаңында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ауласына шырша отырғызылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Мереке күні кітапханаға Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарова келіп, кітапхана ұжымын құттықтады.
Кітапханашыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі. Кітапханадағы игі істерге көңілі толып, ризашылығын білдірді.
Биыл облыстық кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде кітапхананың келбеті жарқырай түсіп, өңірдегі барлық кітапханалардың орталық рухани ордасы ретінде еңсесін тіктеуде.
Мұнда 11 бөлім жұмыс істейді. Баспасөз клубы, интернет залы, екінші қабатында көрме және оқырмандаға арналған демалыс залы бар.
Мұнда 33 мыңнан артық кітап сақтаулы.
1992 жылдан бастап қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың атымен аталып келеді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика