spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-24.8 C
Kokshetau

«Адам денсаулығына зиянды сұйықтық шашып жатыр» Оқу-жаттығу шарасы көкшетаулықтарды қорқытты

Сондай-ақ...оқыңыз

Сейсенбінің таңы ата салысымен көкшетаулықтар төбедегі тікұшақтарды бақылаумен болды. Көпшіліктің назарын аударған бұл жайт жай ғана жоспарлы оқу-жаттығуы болып шықты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.  

Көкшетау қаласының төбесінен төнген тікұшақтар тұрғындардың өзара әңгімелерінің өзегіне айналды. Тіпті, «Адам денсаулығына зиян тигізетін сұйықтықты шашып жатыр!» деген  ақпарат та ел арасына тарап кетті.

Сол аралықта Ақмола облысының әкімдігі қалада жоспарлы оқу-жаттығу өткізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Қазан айының 9 мен 23-і аралығында Көкшетауда Ақмола облыстық жедел штабы әскери техникалар мен арнайы транспорттардың қатыстырылуымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу жаттығуын өткізеді,-делінді облыс әкімдігінде.

 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық пен тыныштықты сақтау сұралады.

Қалада жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарап, жалған ақпараттардың таралуына жол бермей, сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика