spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Абай мұрасы ғасырлар керуенінің басында тұруы тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда әдебиет және өнер музейінде Абайдың 175 жылдығына арналған «Дүниені оймен шолған хакім Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, ұстаз Абайдың даналығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға мәдениет басқармасының қызметкерлері, ЖОО ұстаздары, зиялы қауым өкілддері мен БАҚ қатысты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Абайдың бай мұрасын көз қарашығымыздай сақтап, оған дақ түсірмей, ғасырлар керуенінің көшінен қалдырмау ұрпақ парызы.

Ағартушы туралы өз толғанысын жеткізе келіп, жазушы, аудармашы Ғосман Төлеғұл « Абайдың терең түсінігі мен танымдық көзқарасын, оның даналығының тура аудармасын ешкім жасай алмайды. Мен 37 қарасөзін бойлап келіп, ең күрделі 38-ші қарасөзіне келгенде кідіріп қалдым. Оның философиясына тікелей жақындау мүмкін емес»,-деді.

Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-дың профессоры Сәбит Жәмбек М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы оқиғалардың салыстырмалы негізін жасай келіп, Абай мен Құнанбай бейнесін ұлықтау мақсатында тарихи деректерді қозғады.

Жас буынның жан дүниесіне ой салар тағылымды кеште арқа ән өнері мектебінің өкілдері Қажыбай Жахин, Бекболат Өтеулиев, Шыңғыс Сәрсенбай сынды дәстүрлі әншілер өнер көрсетті.
Кеште Абайдың «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» атты көпшілікке танымал әндері орындалды.

Абайдың әнін орындап, қарасөзі мен өлеңдерін оқыған «Ел жастар театрының» актерлары әдеби кештің көркін қыздырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img