spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
18.2 C
Kokshetau

Шортанды кәсіпкерлері аудандық ауруханаға пульсоксиметр құрылғыларын тарту етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданында кәсіпкерлер денсаулық сақтау жүйесіне демеушілік көмек көрсетуде. Юрий Риб пен Виктор Краузе аудандық ауруханаға 5 пульсоксиметр тарту етті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

«Пульсоксиметр – капиллярлық қандағы оттегінің сатурация деңгейін инвазивті емес өлшеуге арналған медициналық бақылау-диагностикалық құрылғы.

«Бұл көмек бүкіл әлемді дүр сілкіндірген жаңа қауіпті инфекцияның таралуына қарсы күресте айтарлықтай қолдау болып табылады. Аурухана әкімшілігі осындай қолдау үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, кәсіби қызметіңізге табыс және бизнестің одан әрі өркендеуін тілейміз», — деді аудандық аурухана бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбаева Ләззат.

Кәсіпкерлердің айтуынша, пандемия уақытында жерлестері үшін қолдан келген көмекті аямай, коронавирус инфекциясын болдырмаудың алдын алуға көмектесу маңызды.

«Біз коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар маңызды шараларды толық қолдаймыз және сақтаймыз. Бұл көмек аудан тұрғындары үшін де, дәрігерлердің өздері үшін де уақытылы және пайдалы болды деп үміттенеміз», – деді кәсіпкер Юрий Риб.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img