spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
21.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданының кітапханашысы «Үздік кітапханашы» аталымын жеңіп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2020» республикалық конкурсында Жақсы аудандық орталық кітіпханасының кітапханашысы Айнұр Қайдауылова жеңімпаз атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Онлайн-форматта өткен III республикалық  «Рухани қазына» байқауына Ақмола облысынан да өтінімдер қабылданды. Нәтижесінде өңірдің руханиятына үлес қосып келе жатқан үздіктер марапатталды.

Айнұр Қайдауылқызы мәдениет саласында 25 жылдан астам жұмыс істеп келеді.  Соңғы 9 жылда Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы қызметін абыройлы атқарып келеді.

Ол «Әдеби бульвар» жобасының авторы, Баубек батыр кесенесінің 25 жылдығын мерекелеудің бастамашысы, «Жақсының жақсысы – Баубек батыр» кітабының редакторы, «JAQSY ұрпақтар жалғасы» мерейтойлық альбомын жасау жөніндегі шығармашылық топтың мүшесі.

Кейіпкеріміз «Рухани қазына-2020» республикалық байқауының «Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясын жеңіп алып, 500 мың теңге көлеміндегі сертификатты иеленді.

Елордадағы ұлттық музейде салтанатты табыстау шарасы өткізіліп, Айнұр Қайдауылова да министрдің қолынан өз жүлдесін алды.

Айта кетерлігі конкурсқа қатысуға, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына мәдени ұйымдардан 8 және мәдениет қызметкерлерінен 14 өтінім келіп түскен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданында «Jas Tulga» атты жастармен кездесу өтті

Қоянды ауылынның мектеп-лицейінде «Jas Tulga» атты жастармен маңызды кездесу өткізілді. Аталмыш шара, жастарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img