spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
-24.2 C
Kokshetau

Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 83 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда алдағы 10 қазанда Тәуелсіздік алаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылады, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан мәлім етті.

Жәрмеңкеде 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің 55,6 миллион теңгенің 83 тонна өнімі ұсынылмақ.

Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 30-дан астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Жәрмеңкеге Астрахан, Атбасар, Жақсы, Біржансал, Бұланды, Есіл, Сандықтау, Жарқайың, Зеренді аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатыспақ ниетте. Бағалары нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен. Облыс аграршылары жәрмеңкеге 23 тонна ет, 4 тонна балық, 6,4 тонна сүт, 11 тоннадан астам ұн, 5 тонна өсімдік майы, 33,5 тонна картоп пен басқа да көкөніс өнімдерін ұсынады, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басқармасының басшысы Ербол Оспанов.

Жәрмеңке таңғы сағат 8-де басталмақ.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Степногорск қаласында заманауи робототехника кабинеті ашылды

Степногорск қаласына қарасты Ақсу елді мекеніндегі негізгі орта мектебінде оқушыларға арналған жаңа робототехника кабинеті салтанатты түрде пайдалануға берілді. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика