spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданында мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында әкімдік, тауарлар және көрсетілетін кызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері мен полиция  қызметкерлерінің қатысуымен мониторингтік топ тексеріс жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды «Aqmola News» Егіндікөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы 5 шілдеден бастап мониторингтік топ 45 нысанды тексеріп шыққан.

Нәтижесінде 8 әлеуметтік нысандарда карантиндік шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған. Жеке үйде көп адам жиналып, қыз ұзату рәсімін өткізу фактісі тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырыплып, 2 жеке кәсіпкер мен 7 жеке тұлғаға айыппұл салынған. Барлық азаматтардан маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді, – дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алдағы уақытта мониторингтік топ жұмысы одан әрі жалғаспақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика