spot_img
Бейсенбі, Тамыз 27, 2026
19.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында маска тапшылығы мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілі жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің мамандары мен «Ақмола облысының формацевтикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен блогерлердің қатысуымен Көкшетау дәріханаларына мониторинг жүргізілді. Мақсат – пандемия кезеңіндегі коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің қолда бар жоғын анықтау,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Мобильді топ Көкшетаудағы екі дәріхана мен «Анелия» , «Пульс», «Арша» сияқты дәріхана желілерінде болды. 

Тексеріс нәтижесінде фармацевтикалық қызметтің барлық объектілерінде қажетті дәрілік заттардың жеткілікті екендігі белгілі болды. 

Әсіресе, көп тұтынатын сұранысқа ие  парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, тромбопол, кардиомагнил, аспирин, аналгин сияқты дәрілер аймақтағы барлық дәріханаларда сатылымда бар.

Сонымен қатар дәріханалар сөрелерінен вирусқа қарсы препараттардың барлық түрлері табылды.

Мобильді топ мүшелерінің айтуынша, қала дәріханаларында дәрумендердің барлық түрлері және дене қызуын өлшейтін термометрдің электрондық түрі де қолжетімді бағада саудалануда.

Дәл қазіргі уақытта аймақта маска тапшылығы жоқ.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес балаларға және үлкендерге арналған маскалардың бір данасы 85 теңгеден сатылуда.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Артық тәуекелсіз рентген

Рентгенологиялық зерттеулер заманауи диагностикада маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен дәрігерлер сынықтарды, өкпе ауруларын және басқа да патологиялық өзгерістерді жылдам...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика