spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
11.1 C
Kokshetau

Қазақтың ақбас сиырын өсіретін мал шаруашылығы иелеріне арналған семинар өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында қазақтың ақбас сиырын өсіретін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығының республикалық ақпараттық-сараптамалық жүйесінде жұмыс жүргізу жөнінде семинар өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында шаруашылық серіктестіктеріне ақпараттық жүйеде жұмыс істеу принциптері түсіндііліп, сондай-ақ аталған мәселеде туындайтын жағдайлар әңгіме өзегіне айналды.

Семинарда зоотехникалық есеп, асылтұқымды мал мәртебесін беру, қаржыландыруға өтінім эәне куәліктер беру сияқты мәселелер қаралды. Мал шаруашылығы мамандары мен операторларына ақпараттық-сараптамалық жүйедегі негізгі бағыттарды түсіндіріп өттік, – дейді республикалық палата менеджері Гүлбарам Сейітжан.

Шараға Ақмола облысынан «Журавлевка-1», «Бастау», «Новокиенка» сияқты шаруашылық серіктестіктері мен «Тассу» және «Р.Т.Шахатов» шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img