spot_img
Сейсенбі, Қазан 27, 2026
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында үздік отбасылық қарым-қатынас клубтары анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Аталған іс-шараға отбасылық қарым-қатынас клубтар жұмыс істейтін 18 білім беру ұйымдары қатысқан.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар отбасылық клуб қызметінің презентациясы бар фото-бейне материалдар, шығармашылық жұмыстар, әдістемелік әзірлемелер ұсынылған портфолио менбейнероликтерін ұсынды, – дейді білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Онлайн байқау қорытындысы бойынша Степногорск қ., Атбасар ауданы, Жарқайың ауданы, Бұланды ауданы, Целиноград ауданы, Есіл ауданы қатысушылары жақсы нәтижелер көрсетті.
Жеңімпаздар мен қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, грамоталарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен шара қорытындысы осы жылдың 28-29 қыркүйегінде жасалды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ұлттық өнер – ел рухының айнасы

Республика күні – ел тарихына тағзым етіп, тәуелсіздіктің қадірін терең сезінетін, болашаққа деген сенімімізді нығайтатын айтулы мереке. Бұл күн...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика