spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының 9 ауданында құс тұмауы анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты үй құстарына жаппай екпе жүргізілуде. Алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 173 мыңнан астам құсқа екпе салынды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының ветеринарлық басқармасына сілтеме жасап.

Құс тұмауы облыстың 9 ауданынан шыққаны расталды.

Облыстық ветеринарлық қызмет басқармасының мәліметінше облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерін бойлай орналасқан елдімекендерде 24 қыркүйектен бастап құс тұмауына байланысты екпе егу жаппай басталған.

Қазіргі таңда 173,9 мың бас үй құстарына екпе егілген. Сондай-ақ, өңірдегі «Капитал Прожект», Астана Құс», «Бурабай Агро Инвест», «Ижевское» сияқты ірі құс шаруашылықтары өз қаражаттары есебінен 1462,0 мың бас құсқа екпе салыныпты.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Бұлашевтың айтуынша, жақын күндері тағы екі құс фабрикасына екпе түсуі тиіс. Құстарға екпе салынуын қамтамасыз ету, оларды зертханалық тексеру, құстардың өлім-жітімі мен зерттеуге арналған материалдар түгел бақылауға алынған.
«Құс тұмауының одан әрі өршіп кетуіне жол бермеу мақсатында ауылды елдімекендерде тұрғындармен сондай-ақ құс шаруашылықтарының басшыларымен құстарды жабайы құстармен жақындатпай, қамап ұстау қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринар қызметкерлер күн сайын құс өсіретін кәсіпорындар мен құс өсіретін тұрғындардың қора-жайларына барып клиникалық бақылау жүргізуде. Сондай-ақ су қоймаларында, құстар ұя салатын жерлерде тұрақты мониторинг жасалуда», – дейді басқарма басшысы Базарбай Бұлашев.
Облыстық ветеринарлық басқарманың соңғы мәліметтері бойынша 11 елдімекеннен алынған зертханалық зерттеу материалдары бойынша облыстың 9 ауданында үй құстарынан құс тұмауы анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img