spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақкөл ауылының Еңбек ауылында әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылында нысандарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының нәтижесінде 50-ден астам ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған бағдарлама аясында ауылдағы мектеп балабақшасы мен мәдени спорттық кешен жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 351 миллион теңге бөлінген.

Еңбек ауылының әкімінің айтуынша, бұдан бөлек екі көшеге жарық берілген. Аудан қаражатынан 1,5 миллион теңге бөлініп, балаларға ойын алаңдары салынған.

Алдағы уақытта орталық трассадан ауылға келетін 2 жарым км жолға асфльт салу көзделген.

Бүгінде 138 орындық мектеп балабақшасының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Терезелер қойылып, дәретханалардың плиткалары ауыстырылған. Спорт залының едені жаңартылған.187 миллион теңге бөлініп, 23 ақкөлдік тұрғын уақытша жұмысқа тартылған.

Еңбек ауылының мәдени-спорттық кешені 80-ші жылдардың басында салынғалы бері алғаш рет толық күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 165 миллион теңге болініп, 21 адам жөндеу жұмыстарына тартылған.

Мұнда домбыра және әжелер үйірмесі, би үйірмесі жұмыс істейді. Осы үйірмелерге 60-тай бала қатысады.

Жалпы Еңбек ауылының 800-ден астам тұрғыны бар.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img