spot_img
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
1.8 C
Kokshetau

Оңалту орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Зеренді аудандық ауруханасы базасында оңалту орталығы ашылды. Орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сақтандырылған науқастарға тегін қызмет көрсетіледі,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына сілтеме жасап.

Оңалту орталығы кардиология, неврология және травматология дертіне шалдыққан 20 науқасқа шақталған. Қазір бұл жерде 8 науқас қалпына келтіру емін алып жүр.

Науқастармен реабилитолог, психолог, кардиолог, травматолог және невропатолог дәрігерлерден тұратын мультидисциплинарлы команда жұмыс істейді.

Орталық қазіргі заманғы тренажер, кардиожүгіру жолы, швед қабырғасы, жаттығу снарядымен жабдықталған. Массаж кабинеті, манульды терапия және Монтессори кабинеті де бар. Арнайы бағдарлама бойынша әр науқаспен жеке жұмыс жүргізіледі. Емдеу мерзімі аурудың деңгейіне байланысты 8-14 күнге созылады», – дейді реабилитолог дәрігер Арыстанбек Амантай.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды Ақмола облысында бизнес қауымдастықтардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика