spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт тағы бір электр стансасын салуда, деп хабарлайды  «Aqmola News » аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Салынып жатқан  жел электр станциясының қуаты 30 МВт.    Жоба құны 5,6 миллиард теңгені құрайды.

Әзірге құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталып, үш турбина қатарға қосылған. Екінші кезеңде 25 МВт қуат өндіретін 14 турбина іске қосылмақ. «Ereymentau Wind Power» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясы жалпы қуаты 4,8 МВт болатын 11 турбинаның құрылысын жүргізуде.

«Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында басталған құрылыс жұмыстары 2021 жылы толық аяқталады. Станцияның құрылысына 160 адам тартылған. Толық пайдалануға берілген кезде тұрақты 8 жұмыс орны ашылады. Өңірге құйылған инвестиция құны 26,6 миллиард теңгені құрайды. Жел электр станциясы жылына 180 миллион кВт энергия өндіруді көздеп отыр», – дейді әкімдіктегілер.

Пайдалануға берілгеннен кейін өңірді электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етудің сенімді көзі болмақ әрі қала бюджетін толтыруға игі әсерін тигізбек.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img