spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
6.8 C
Kokshetau

Қазақстанда өнеркәсіпті дамытатын жаңа қор құрылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өнеркәсіпті дамыту қоры»АҚ құрылды. Қор Индустриялық даму және Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламаларының қаржы операторы – «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы базасында құрылды, – деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, еліміздің алдында тұрған маңызды міндет өнеркәсіптік әлеуетті барынша дамыту болып табылады.
Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды. Сонымен қатар мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру жөнінде нақты міндет қойды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚДБ-Лизингімен бірлесіп өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына сұранысты ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда.
Қорды құру өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қор отандық кәсіпорындарды 3% – дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Қор қызметінің негізгі басымдығы ағымдағы жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру болады.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img