spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

Ақмолада жел күшейіп, тұман түседі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазгидромет Қазақстанның территориясында 2020 жылғы 23 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс циклон әсер етуде: жаңбыр жауады, кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және қиыр солтүстікте найзағаймен шаңды дауыл сақталады, бұршық жаууы ықтимал.

Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман күтіледі.

Солтүстіқ Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 25 м/с, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда, кей жерлерінде Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика