spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Шортанды ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен орталық стадион жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз
Шортанды ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде аудан орталығындағы стадионына күрделі жөндеу жүргізілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Жөндеу жұмыстары осы жылдың 10 шілдесінде «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен басталған.
Қазіргі уақытта стадионға қиыршық тастар төселіп, футбол алаңының бойына бордюрлер қойылып,  400 метрлік жүгіру алаңына асфальт төселген. Сондай-ақ, синтетикалық жабу жұмыстары да басталыпты.
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қамқорлық жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Бүгін біздің стадионды жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалпы ауданда спортты дамытуға серпін береді, ауданның спорттық резервін дайындауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Владимир Дьяченко.
Аудан әкімі Гайдар Қасенов жұмыс қарқынын жеделдетуді және жөндеуді көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, ол қолданыстағы спорт ғимараттарын, әсіресе мектептер жанындағы ғимараттарды тиімді пайдалануға, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды жабдықтау қажеттігіне басты назар аударды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика